Жаңалықтар

Алдын алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин мектеп пен балабақшаларда мәселелердің алдын алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Айта кету керек, әлеуметтік желіде балабақшаның тәрбиешісі балаларға қарсы күш қолданып жатқаны туралы бейнежазба таратылуда.

Бұл оқиға 2018 жылдың қыркүйек айында Бадамша ауылындағы «Айгөлек» балабақшасында болғанын хабарлаймыз. Оқиғадан кейін тәрбиеші жұмыстан шығарылды, балабақша меңгерушісі тәртіптік жазаға тартылды.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин бұл мәселені ерекше бақылауда ұстау туралы полиция департаментіне тапсырма жүктеді. Сондай-ақ облыс басшысы облыстық білім басқармасына және аудан әкімдіктеріне мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін облыстағы барлық мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде қажетті шараларды қабылдауды, алдын алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Ақтөбе облысының полиция департаментінің хабарлауынша, болған оқиғаның мән-жайын нақтылау үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу туралы міндеттемесін орындамау» туралы 140-бабының 2-бөлігі бойынша алдын ала тергеу жұмыстары басталған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button